04.02.12. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры алдағы жұмыс жоспарында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға басымдық бермек. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да өткен кеңейтілген отырыста қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. «Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты - Елбасы тапсырмасын орындауды ұйымдастыру», - деген ол еншілес компаниялар басшыларына Жолдауда айтылған жеті жобаның барлығы да шашау шығарылмай жүзеге асуы керегін тапсырды.
Тіркеуден өтпеген діни бірлестіктің қызметі тоқтатылады
04.02.12. - «Адамзат дамуының қай кезеңі болмасын дін мәселесі кез келген қоғамдағы, кез келген мемлекеттегі ең басты мәселенің бірі болып табылады. Біздің қоғамда да дәл осындай жағдай орын алып отыр. Қазақстанның бүгінгі саяси тұрақтылығы, экономикалық қарқынды дамуы, әлеуметтік жағынан үлкен жетістіктерге жетуінің барлығы тәуелсіздік жылдарында Елбасы орнықтырған ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың негізінде жүзеге асып отыр. Ендеше, біздің ең басты құндылығымыз да осы. Сондықтан да агенттік қызметкерлерінің алдында тұрған ең басты мәселе Қазақстан халқының басты құндылығын одан әрі орнықтыру, одан әрі бекіте түсу болып табылады» деді кеше Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед.
04.02.12. Елбасы өзінің биылғы халыққа Жолдауының тұтас бір бөлігін «ауыл шаруашылығын дамытуға» арнағаны мәлім. Нағыз алапат дағдарыс Қазақстанға, отандық негізгі экспорттық тауарлардың - мұнай мен металдардың бағалары күрт құлағанда, қол салмақ. Сол кезде Қазақ елін атакәсібі - ауыл шаруашылығы құтқаруға тиіс. Өйткені кез келген адам, қалтасында қалған соңғы қаржысына тамақ сатып алары сөзсіз. «Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды» деді Президент. Бірақ инновациялар мен жаңа технологиялар зәрулігін тартып отырған қазақстандық аграрлық сектор бұған қабілетті ме?
04.02.12. Гүлзия Есенгелдіқызы Тойеваның мамандығы - дәрігер. Дәрігер болғанда кардиолог - жүрек дәрігері. Гүлзия Кентау қаласында өсіп, мектепті жақсы бітірген. Аласапыран кезеңге тұс келгендіктен жоғары оқу орнына бара алмай, «жақсы білім береді» деп, сол кездегі Атбасар қаласындағы медицина училищесіне оқуға түсіп, оны «қызыл дипломмен» бітірген. Кентауда біраз уақыт медбике болған ол Түркістандағы ХҚТУ-дің шығыс медицинасы факультетіне оқуға түседі. Жеті жылдан соң оны да өте жақсы бітіреді.
04.02.12. Қарабалық елді мекені Қостанай облысындағы ең көрікті, ең шырайлы аудан орталығы. Бұл селода болсаңыз оның сәулеті мен сымбаты кейбір қаладан артық болмаса, кем емес. Міне, осы қазаққа Мұхамеджан Сералин секілді біртуар қаламгер берген аудан орталығынан 65 шақырымдай жерде Жаңа ауыл деп аталатын елді қоныс бар. Осы ауылда 11 баланы өсірген Батыр анамыз Балғиза Қайдарқызы Шайхисламова да ғұмыр кешіп жатыр. Қолында өзімен бірге Даража есімді қызы да тұрады. Осы перзенті өзінің қолын ұзартып, шешесінің көмекшісі әрі серігі болып отырған жайы бар.
04.02.12. Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінің оң ағысында орналасқан Күршім ауданының тұрғындарын толғандыратын бүгінгі басты мәселе әзірге біреу-ақ, ол - ерен Ертістен салынар көпір, жол қатынасы. Бұл мәселе сонау кеңестік заманнан көтеріліп келе жатқан, халық қалаулыларына аманатталған, талай уәде беріліп, тіптен кейбіреудің серттескен де шаруасы. Айта-айта, жаза-жаза шаршап, «Әттеген-ай, кеңес кезінде неғып бітірмедік екен, енді не қайыр» деп жүргенде, соңғы жылдардағы ауқымды, көп қаржы талап етілетін жобалардың іске аса бастауы көкейімізге үміт ұялатты.
04.02.12. Парламент Мәжілісінің депутаттары Президент Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау үшін аймақтарға шықты
Президент Жолдауына қатысты өз пікірлерін қазақстандықтар күн сайын жеткізуде. Бүгінде осы стратегиялық құжаттың негізгі қағидалары барлық аймақтарда талқыланып жатыр.
04.02.12. Елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелеріне бағытталған биылғы Жолдауында Елбасы «Жеңіл өнеркәсіпті ұмыттық» деп, сол жаңғыртудың жаңа бағыттарының бірін меңзеді. Шынында да мемлекет халқының қамын, ел тұрғындарының жайын ойлайтын Үкімет оларды тек тұрақты жұмыс, жеткілікті жалақы, басыбайлы баспанамен қамтып қоймай, азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету жағын да ойластыруы қажет. Оның үстіне экономиканың бұл саласы көптеген елдерде жалпы ішкі өнімнің қомақты бөлігін береді.
04.02.12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен шұғылданатын «ЮКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған тұрғын үйлер мен басқа да нысандар пайдалануға берілгенде, мемлекеттік комиссия тарапынан әркез жақсы бағаланады. Бұл құрылыс мекемесі 1997 жылы инженер-құрылысшы Александр Александрович Юрченконың бастамасымен құрылған болатын. Содан бергі 15 жыл ішінде Өскемен қаласы мен облыстың басқа да аймақтарында «ЮКО»-ның құрылысшылары сандаған тұрғын үйлер мен тұрмыстық нысандарды, мәдениет және демалыс орталықтарын салып, пайдалануға берді.
04.02.12. Президентіміз биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз-ең алдымен өңірлердің қуаттылығы» деген болатын. Түркістан қаласының экономикасы, түркістандықтардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы, халықтың әл-ауқаты да жылдан-жылға жақсарып келеді.
04.02.12. Халқымыздың мақтанышына айналған дара тұлға, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың о дүниелік болғанына да бір жыл болыпты. Әзиз ағаның ортамызда жайраңдап жүргені күні кеше ғана сияқты еді. Зымыран уақыт, жалған дүние-ай... Осындай сәтте абыз ағаны еске алып көрейікші.
04.02.12. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Болат Әбділмановтың «Қос шынар» атты деректі ғұмырнамалық кітабы оқырманға жол тартты.
04.02.12. Әуе тасымалдаушы компанияларға қатысты шу тағы басталды. Еліміздегі бірнеше авиакомпаниялар ұшуға қауіпті, айтарлықтай техникалық ақаулары бар ұшақтарды пайдаланып жүрген көрінеді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
04.02.12. «Медеуде» өтіп жатқан әлем чемпионатында бенди құрамалары топтық кезеңнің бәсекелерін аяқтады. Қазақ жанкүйері ерекше назар аударған «А» тобындағы жарыс көпшілік болжағандай қорытынды шығарды. Әлемдік допты хоккейдің көшбасшылары саналатын төрт ұжым - Ресей, Швеция, Финляндия және Қазақстан плей-офф сынына жолдама алды. Топтық кезеңнің соңғы күні осы төрт команда өзара бәсекеге түсіп, жартылай финалдық жұптарды анықтады.