Мұхамеджан Тазабек аспазды ерекше бағалап отыр.
Мұхамеджан Тазабек тойда дастарқан әзірлеген аспазға рақметін айтты
5,085
оқылды

Астаналық танымал аспаз Гүлайым Абдуллаева әлеуметтік желідегі парақшасында Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектің қатысуымен түсірілген бейнежазбаны жариялады. Бейнаматериалда жуырда ғана қызының ұзату тойын өткізген Мұхамеджан Тазабек мерекелік дастарханды әзірлеген аспаздарға шынайы ризашылығын білдіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазақ үшін той – зор мәртебе. Тойдағы дастархан – берекенің алтын қазығы. Астананың төрінде өткен құдалықтың дастархан мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Қазақ мәдениеті қай заманда да асқақ, алайда оны бүгінгі заманауи үрдістермен үйлестіргенде көңіл шіркін шаттанады. Қонақ та, үй иесі де риясыз қуанды. Мұның бәрі абыройымызды арттырды. Дастарқан – тек ішіп-жеу емес, ол сән-салтанат, мәдениет, қарым-қатынас. Сондықтан бүгін өнер де, мәдениет те, еңбек те жарқырап көрінді. Осыған өзіміз де ерекше қуандық», – деді Мұхамеджан Тазабек.