Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.
Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Фото: Алексей Губанов
571
оқылды

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰОК мәліметінше, Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.

Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды – 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті – 01:32:08.

Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.