Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл тұрғындары Subaru Outback автокөлігінің ішінде отырған сәтте белгісіз адам көлікке оқ атқан. Оқиға салдарынан үш азамат түрлі дене жарақатын алды.
Жарақат алғандар дереу Сағыз ауылдық амбулаториясына жеткізілгенімен, хирург маманының болмауына байланысты Мақат аудандық ауруханасына жолданды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы нақтылануда.
Оқиға бойынша тиісті органдар тергеу жұмыстарын бастады. Оқ атқан адамды іздестіріп жатыр.
Баян Жанұзақова