Сарапшылар мұны жастардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, спорт пен шығармашылыққа көбірек көңіл бөлуімен байланыстырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Almaty.tv-ке сілтеме жасап.
Мұндай ақпаратты Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Роза Тәтиева айтты.
Бірақ көрсеткіште өзгеріс байқалса да, мамандар электронды шылым мен вейпке әуес жастардың көбейіп жатқанын атап өтті.
«Кейбір жастар вейптің де құрамында никотин мен зиянды заттардың, металл бөлшектері, ацетальдегид, формальдегид және хош иістендіргіштердің бар екенін білмейді. Жастар субмәдениетінің бір бөлігі санайды. Ал кейбір инфлюенсерлер вейптің зиянын ашып айтпай, керісінше жеңіл өнім түрінде көрсетеді», – деді психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Роза Тәтиева.
Атап өтейік, бұған дейін қалада жүргізілген рейд барысында қоғамдық орында қорқор шеккен 100 адамға айыппұл салынған. Ал емханаларға келсек, қазір орталықтарда темекіден бас тартуға көмектесетін 86 кеңес беру кабинеті жұмыс істеп тұр.
Жиында сарапшылар никотин жасөспірімдердің зейінін, есте сақтау қабілетін және IQ деңгейін төмендетінін айтты. Себебі олардың зиянды заттарға тәуелділік деңгейі ересектерге қарағанда 2-3 есе көп.
«Орталық жүйке жүйесінен бөлек, ағзаға түгелдей зияны тиеді. Адамның физикалық, психикалық саулығына қауіп төнеді. Қазіргі таңда жастар арасында гипертония, жүректің ишемиялық ауруы сынды диагноздар жиі кездеседі. Сонымен қатар бұл заттар тыныс алу жүйесін де зақымдайды. Иммундық жүйе әлсірейді, кейін инфекциялық ауруға жиі шалдығуы мүмкін», – деді Роза Тәтиева.