Мамандардың «жеңіл дене жарақаты» деген қорытындысына қарамастан, есепте түрлі анатомиялық аймаққа тиген зақымдар егжей-тегжейлі көрсетілген.
«Денсаулыққа жеңіл залал келтірген»: сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаты жайлы айтты
видеодан скриншот жасалды
406
оқылды

Бүгін Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Талғардағы төбелес кезінде жараланған Нұрқанат Ғайыпбаевқа медициналық сараптама жүргізген маман Өмірбек Жолымбетов келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот-медициналық тексеру бойынша сараптама жүргізген Өмірбек Жолымбетовтің дерегінше, сараптама қорытындысы мынадай:

2024 жылғы 9 қазанда, оқиғадан бірнеше күн өткен соң, Нұрқанат Ғайыпбаевқа толық сот-медициналық куәландыру жүргізілді. Мамандардың «жеңіл дене жарақаты» деген қорытындысына қарамастан, есепте түрлі анатомиялық аймаққа тиген зақымдар егжей-тегжейлі көрсетілген.

Басы мен бет аймағы

  • Сол көздің астында ұзындығы шамамен 3-5 см көгерген қанталау,

  • Оң құлақ қалқанының өсіндісінде 2×1 см-дей көгеру,

  • Шүйде тұсында жұмсақ тіндердің ісінуі мен қабыну белгілері тіркелген.

Дене мен аяқ-қолдары

  • Бел тұсында 15×4 см-лік қызыл сырылған жара,

  • Оң жамбаста бір-біріне параллель және қиғаш бірнеше тілік (1,2×0,1 см; 1,0×0,1 см; 0,8×0,1 см),

  • Жамбас астыңғы бөлігінде 8×3 см көлемінде терісі сырылған жара байқалған.

Буындар

  • Сол тізенің алдыңғы жағында диаметрі сантиметр шамасында үш бірдей жара,

  • Оң шынтақтың алдыңғы беті мен сол шынтақтың артқы жағында да жарақат іздері анықталған.

Қойылған клиникалық диагноз

  • Бас сүйек-миының жабық жарақаты, ми шайқалуы,

  • Маңдай аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі мен сыдырылуы,

  • Шүйденің қанталауы,

  • Кеуде қуысы мүшелерінің жабық жарақаты,

  • Екі шынтақ пен тізе буындарының жұмсақ тіндерінің зақымдануы,

  • Оң жамбастағы көптік шаншыла-кесілген жаралар.

Сараптама қорытындысы

Барлық жарақаттар қатты тұйық заттың және шанша-кесетін құрал ұолданылғанна пайда болғанымен, ірі қан тамырлары сау қалуы себепті денсаулыққа келтірілген залал «жеңіл» санатына жатқызылды.