Сондай-ақ іздеуде жүрген бір қылмыскер анықталды.
Көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік елден шығарылды
Фото: polisia.kz
409
оқылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 14 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында өткізілген  "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 352 азамат жауапқа тартылды. Олардың 237-сі шетелдік, ал 115-і Қазақстан Республикасының азаматтары. Тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген 122 шетелдік азамат пен оларға жұмыс берген 39 кәсіпкер анықталды.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 14 шетелдік елден шығарылды, ал 5 материал азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жіберілді.

Сондай-ақ іздеуде жүрген бір қылмыскер анықталды. Полиция көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігін ескертеді және тиісті рұқсатсыз жұмыс істеу Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу екендігін хабарлайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.