Мемлекет басшысы Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландты қабылдады.
Руда өңдеу ісінде ілгерілеу бар
130
оқылды

Кездесуде геологиялық барлау, кен игеру және металл өңдеу сала­ла­рын­дағы ынтымақтастық перс­пек­ти­ва­сы талқыланды. Президентке Қа­зақ­стандағы Шу-Сарысу мыс бас­сей­нінде ауқымды геологиялық барлау жұ­мыстарының басталғаны жөнінде мә­лімет берілді. Ivanhoe Mines компа­ния­сы бұған дейін аталған учаскедегі қаз­ба байлықтарын зерттеуге 18,7 мил­лион доллар бөлгенін және ин­вес­тиция көлемін 4 жылда 115 мил­лион долларға дейін ұлғайтуға ниетті екенін хабарлаған еді.

Роберт Фридланд бұл жобаны жү­зеге асыру барысында озық аэро­гео­фи­зикалық технологиялар мен мә­лі­меттердің цифрлық талдауын пай­да­лану жоспарланып отырғанын жет­кізді. Оның айтуынша, Қазақстанның мыс игеру тарихындағы ең ауқымды жо­баны іске асыру әлемдегі осы ру­даны өңдеу ісінде жаңа перспективаға жол ашады.