Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында орналасқан 102-ші қылмыстық соттың судьясы Эхсан Багери белгісіз екі адамның қолынан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған ақпаратты «Еркін Иран» Telegram-арнасы таратып отыр. Фарс провинциясының сот төрағасы айтқан мәліметке сүйенсек, 38 жастағы судья бүгін таңертең жұмысқа бара жатқанда, үйінің маңында оққа ұшқан.
«Қылмыс суық қарумен жасалған», – деп нақтылады ол.
Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жергілікті қауіпсіздік және барлау органдары тергеу жүргізіп жатыр.