Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесу өткізді.
Солтүстік Македония президентімен кездесті
280
оқылды

Мемлекет басшысы мәртебелі мей­манға ілтипат білдіріп, оның сапары Астана мен Скопье ара­сын­дағы дипломатиялық қарым-қа­тынастардың 30 жылдығы қар­саңында өтіп жатқанын атап өтті.

– Қазақстан Солтүстік Маке­до­ниямен жан-жақты серікте­с­тік­ті дамытуға мүдделі және Сіз­­дің еліңіз­ді Балқан түбегіндегі се­німді әріптес ретінде қарас­ты­ра­­м­ыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Гордана Силяновска-Давкова Қа­зақстанға шақырғаны үшін Пре­зидентке алғыс айтып, екі­жақ­ты ық­палдастықты одан әрі нығайтуға зор әлеует бар екенін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвес­тициялық және гумани­тар­лық салалардағы ынтымақтастықты ег­жей-тегжейлі талқылады. Пре­зи­дент­тер Қазақстан–Солтүстік Ма­ке­дония қарым-қатынаста­ры­ның барлық саласына тың серпін беруге уағдаласты. Әсіресе, ауыл шаруа­шы­лығы, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перс­пек­тивті бағыт­тарға назар ауда­рыл­ды. Мемлекеттер басшылары Сол­түстік Маке­дония­ның танымал Alkaloid фармацевти­ка­лық ком­па­ниясының Алматыда өкіл­дік ашу туралы шешімін құпта­ды.

Бұдан бөлек, халықаралық күн тәр­тібіндегі өзекті мәселелер тура­лы пікір алмасты.