Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқан аясында өтетін ECO FEST фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылданатынын хабарлайды. Қатысушылар үш байқау бағытының Innovation, Art және Media біреуін таңдай алады. Өтінімдер 2025 жылғы 20 мамыр мен 30 маусым аралығында қабылданады.
TURAQTY JOL – өскелең ұрпаққа мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы туған жерге ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамасы. Бұл бағдарлама – Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы тарапынан табысты өткізілген бес кезеңдік жобаның жалғасы болып табылады. Бастама бас серіктес – ЦентрКредит Банкі, ресми серіктес - Chevron компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бастама Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жоба ақпараттық серіктестері – "Almaty" телеарнасы және "Amanat Media Group" холдингі.
Жастарға арналған ECO FEST TURAQTY JOL 6.0 – балалар мен жастардың экологиялық мәдениетке және тұрақты дамуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Бұл үздік экологиялық жобалар мен шығармашылық бастамаларды қолдау, оларды әрі қарай қаржыландыру және Қазақстан аумағында жүзеге асыру арқылы іске асады. Жобаға қатысу тегін.
Қатысуға 12 жастан 25 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, студенттер және жастар шақырылады. Олар үш байқау бағыттарының бірін таңдай алады:
INNOVATION (16 - 25 жас):
Жастарды құрайтын командаларға арналған конкурс, олар экологияны қорғау саласындағы стартаптар мен жобалар әзірлеуге шақырылады. Жеңімпаздарға идеяларын жүзеге асыру үшін қаржыландыру беріледі. Жүлде қоры – 10 миллион теңге.
ART (12 - 25 жас):
Қатысушыларға «Жердің тынысы» тақырыбында көркем шығармаларын дайындау ұсынылады. Үздік жұмыстар фестивальдің финалындағы көрме бағдарламасына енгізіліп, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.
MEDIA (12 - 17 жас):
Жаңа бастаған журналистер, видеографтар және креаторларға арналған білім беру Media Camp. Байқау қорытындысы бойынша 50 финалист таңдалады. Олар Алматы қаласындағы жобаның финалына қатысып, дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болады.
Қатысу ережелері мен шарттарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Финалистер жобаларды сараптамалық қорғау, шығармашылық жұмыстар көрмесі, жетекші мамандардың шеберлік сыныптары және салтанатты марапаттау рәсімі кіретін мәдени-білім беру бағдарлама күтуде. Қорытынды шаралар 2025 жылғы 12-16 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді.