Бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 10 тамызда, яғни концерт өтетін күні, стадионда маңызды ойын жоспарланғанын хабарлаған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Концерт пен футбол матчының мерзімі қабаттасып қалғаны белгілі болған. Алайда спорттық кесте өзгертілді.
Концерттің ұйымдастырушылары «Қайрат» – «Жеңіс» матчы 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстырылғанын айтты.
Концертке билеттер 28 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап сатылымға шығады.
Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.