Ол әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Ортақ шешімге келе алмай жатырмыз»: Сәкен Майғазиев көпшіліктен кеңес сұрады
Фото: instagram.com/ saken_maigaziyev
4,554
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев көпшіліктен кеңес сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі жақында ұлы үйленетінін айтты. 

“Алла қаласа, біздің үйде той болады. Ұлымыз Әділет үйленейін деп жатыр. Шаңырағымызға келін түседі. Осы күнге дейін қаншама тойда жүрміз. Бұл тойдың жөні бөлек. Анасы екеуміз ортақ шешімге келе алмай жатырмыз. Қонақ кәде, тойбастар, қонақтар тізімі, бәрін ескеріп жатырмыз. Біреудің қуанышына ортақ болып жүрген біз енді өз баламыздың тойына дайындалып жатырмыз. Бұл – қуаныш қана емес, үлкен жауапкершілік. Құрметті оқырман, бізге кеңес беріп, той ұйымдастыру тәжірибеңізді бөліссеңіз екен. Сіздерден ақыл-кеңес күтеміз”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, әншінің келіні Жаңаөзеннің тумасы екені белгілі болған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.