Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, істің қашан сотқа жолданатынын айтты.
«Басты күдікті – анасы мен өзі»: Перизат Қайрат істі әдейі созып жатқаны айтылды
instagram.com/01pk
546
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың ісіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, істің қашан сотқа жолданатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ресми мәліметке сүйенсек, былтыр ақпан айында су тасқыны кезінде қазақстандықтар қайырымдылық үшін жинаған 1 миллиард теңгеден астам қаржыны қалтасына басты деген күдікке ілінген блогер Перизат Қайраттың ісі 100 томнан асып кеткені айтылған еді.

«Іс тергеліп бітті, қазір тараптар онымен танысып жатыр. Перизат Қайрат уақыт созу үшін іспен әдейі ұзақ танысып жатқандықтан, біз оған 9 маусымға дейін ғана уақыт бердік. Кейін үш күн ішінде өзі немесе адвокаттары қандай да бір талап-арыздарын бере алады. Олардың талап-арызы қаралып біткен соң іс прокуратураға кетеді, прокуратура 10 күн ішінде шешім қабылдап, істі сотқа жолдайды», – деді Ж. Елемесов.

Ресми өкіл Ж. Елемесов бұдан бұрын «тергеу 2025 жылдың наурызында аяқталуы ықтимал. Одан кейін тараптар қылмыстық материалдармен танысатын болады, бірақ бұл кезеңнің қанша уақытқа созылары әзір белгісіз» деген болатын.

«Жақын арада, болжам бойынша, наурызда қылмыстық істі тергеу аяқталады. Іс 100 томнан асты. Бұған дейін біз Перизат Қайраттың Палестинаға жинаған ақшаны, су тасқынына жинаған ақшаны өз мүддесіне жұмсағанын айтқанбыз. Қаңтар айында оның ісіне жаңа эпизод қосылды. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру орталығын ашамын деген желеумен 22 млн теңгені жеке мүддесіне пайдаланған. Жалпы, осы айтылған қайырымдылық шараларына ақша жинай отырып, ол бірнеше пәтер, жер үй, қымбат көлік алған», – деді ол сол кезде.