8 мамырдағы сот отырысына Талғардағы төбелес кезінде жараланған Нұрқанат Ғайыпбаевқа медициналық сараптама жүргізген маман Өмірбек Жолымбетов келген болатын.
Шерзат ісі: сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты судьяға қарсы шағым түсірді
3,228
оқылды

28 мамырда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірген.

– Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды, – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, 28 мамырдағы сот отырысына Талғардағы төбелес кезінде жараланған Нұрқанат Ғайыпбаевқа медициналық сараптама жүргізген маман Өмірбек Жолымбетов келген болатын.

Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысы сағат 17:25-тен кейін тікелей эфирде қайта жалғасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.