Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті.
Стратегиялық серіктестікке тың серпін берген сапар
170
оқылды

Мәжіліс Спикері Бундесрат төрағасының сапары мазмұнды өтіп жатқанын айтты. Бұған дей­ін Анке Релингерді Қазақс­тан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады, сондай-ақ ол Премьер-Министр Олжас Бек­теновпен және Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен келіссөз­дер жүргізді.

Ерлан Қошанов Қазақстан Германияны Еуропадағы негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

– Екі ел арасындағы саяси диалог өзара түсіністік пен сенім рухында дамып келеді. Соңғы жылдары жоғары деңгейде сапар алмасу өте белсенді жүргізіліп жатыр. Ол – 2023 жылғы маусым айында Германияның Федерал­ды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға жасаған сапары, 2023 жылғы қыркүйек айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапары, сондай-ақ Германия Федералды Канцлері Олаф Шольцтың сапары мен соның аясында өт­кен «Орталық Азия – Германия» форматындағы екінші сам­миті, – деді Мәжіліс Спикері. 

Мәжіліс Төрағасы парла­ментаралық байланыс саяси диалогтің маңызды бөлшегіне айналғанына назар аударды. Ол Анке Релингердің сапары пар­ламенттік ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Мәжіліс Спикері германиялық әріп­тестеріне Мемлекет басшысы­ның «Күшті Президент – ықпал­ды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» формуласы аясында жүргізіліп жатқан Қазақстандағы ауқымды реформалар туралы мәлімет берді. Әсіресе, көппар­тиялы Мәжілістің жұмысына, әлеуметтік әділдікті, заң үстем­дігі мен тәртіпті ілгерілетуге, сондай-ақ экономиканы дам­ы­ту­ға бағытталған заңдарға ерек­ше көңіл бөлді.

Өз кезегінде Бундесрат Пре­зиденті Қазақстандағы саяси өзгерістер мен эконо­ми­калық жетістіктерді қолдады. Гео­саяси тұрақсыздық жағдай­ында Қазақ­стан Германияның сенімді серік­тесі болып отыр­ғанына на­зар аударды. Сондай-ақ климат­тың өзгеруімен күрес, экономи­калық ынтымақтастық, мәдени-гу­мани­тарлық байлан­ыс­тарды нығайту сияқты бағыттарда серіктестікті терең­детуге Гер­мания тарапынан қызығушылық бар екенін біл­дірді.

Тараптар ауыл шаруашы­лығы, логистика, өнеркәсіп және жаңа технологиялар сала­ларында ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін де тал­қы­ла­ды. 

Депутаттар жаңа жобаларды заңнамалық тұрғыдан қолдауға дайын екендіктерін айтты.

Кездесу барысында Парла­мент­аралық одақ, ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеялары сияқты халық­ара­лық парламенттік ұйымдар  аясындағы өзара іс-әрекет мәсе­лелері де қозғалды.