Бұл Сандуғаш үшін ITF аясында өтіп жатқан биылғы маусымдағы төртінші жұптық чемпиондық атақ болды.
Теннисші Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҚТФ
728
оқылды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы ресейлік Софья Лансеремен жұптасып, финалда Қытай өкілі Мэйки Го мен Таиланд спортшысы Пеангтарн Плипуечті тізе бүктірді.

Кездесу 6:3, 3:6, 10:8 есебімен аяқталды.

Бұл Сандуғаш үшін ITF аясында өтіп жатқан биылғы маусымдағы төртінші жұптық чемпиондық атақ болды. Бұған дейін ол Түркияның Анталья қаласында өткен жұптық жарыстарда үш рет топ жарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.