Әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлымен бірге марқұм анасының қабіріне барып, видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Құран бағыштаған соң айтқан тілегін әлеуметтік желіге жариялады.
«Шеше, Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың… Жатқан жерің жайлы болсын» – дейді әнші.
Әншінің айтуынша, ұлы сол күні олимпиадаға бара жатқан.
Желі қолданушылары бейнежазбаға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі мұндай жағдайды желіге жариялау дұрыс емес екенін айтса, енді бірі осы көріністі көріп, көңілі босағанын жеткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.