Бүгін, яғни 2025 жылдың 28 мамырында Ақтөбе мен Алматы қалаларында ауа сапасының нашарлауына алып келетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын «Қазгидромет» РМК болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар кешені. Оларға тымық ауа райы, баяу жел, тұман және инверсия құбылыстары жатады.
Мұндай жағдайларда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы айтарлықтай нашарлауы мүмкін.