Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды.