Қарағанды қаласында өткен «Еңбегі жанған арулар» форумында жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін арттыру, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің мемлекет пен қоғам өміріндегі рөлін нығайту мәселелері талқыланды.
Еңбек еткеннің еңсесі биік болмақ
175
оқылды

Ауқымды іс-шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 600-ге жуық әйел қатысты. Олардың қатарында металлургтер, шаруалар, құрылысшылар, ТКШ және әлеуметтік сала қызметкерлері бар. Олар күн сайын еңбегімен ел экономикасына үлес қосып, отбасылық әл-ауқат үшін тер төгіп жүрген жандар.

Экономиканың нақты сек­тор­ында еңбек етіп жүрген әйел­дер – еңбекке не­гіз­делген, тең мүм­кін­діктер мен әлеумет­тік жауап­кершілікке құрылған Әділ­етті Қазақстанның ажырамас бөлі­гі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әйелдердің табанды да тиімді еңбегі еліміздің әлеуеті мен абыр­ойын нығайта түсуде. Осыған орай Жұмыс­шы маман­дықтары жылы аясында «AMANAT» пар­тиясы еңбек адам­дарының мәрте­бесін арт­тыру­ға бағытталған осын­дай форум­дарды жүйелі түрде өткізуде.

Партия Хатшысы Ержан Жыл­қыбаев­тың айтуын­ша, бү­гін­гі күні әйелдер тек қоғамдық өмірге қатысып қана қоймай, ел болашағын белсенді түрде қал­ып­тас­тырып жатыр. Олар бас­шы­лық қызмет­терге келіп, қо­ғам­ды жақсы жаққа өзгер­те­тін бастамаларды іл­герілетуде.

«Президенттің саяси және әлеуметтік реформа­лары әйелдер мен балалардың құқықтық қор­ғалу­ын күшейтіп, көпба­лалы ана­ларды қолдау жөніндегі ұлт­тық модель­ді қалыптастырды. Әйел­дердің бас­қарушылық қыз­метін кеңейтті. Нәти­жесінде, нәзік жанды азаматтар егіс дала­сында да, өндірісте де, мемлекет­тік қыз­мет пен бизнесте де та­быс­ты еңбек етуде. «AMANAT» партиясы құрамында 500 мың­ға жуық әйел бар. Біз олардың мүд­де­­сін жүйелі түрде қорғап, от­басылық құн­дылықтарды сақ­тауға күш салып келеміз. Басты мақсатымыз – инклюзивті мә­дениет пен гендерлік теңдікті қал­ып­­тас­тыру. Яғни, жалақы мен лауазым білік­тілікке байланысты берілу­ге тиіс», – деді Ержан Жылқыбаев.

Сондай-ақ ол форумды ұйымдастыруға мұрындық болған пар­тияның Әйелдер қанаты өз жұ­мыс­ын табысты жүргізіп келе жат­қанын атап өтті. Соңғы екі жыл­да 20 мыңнан астам әйел кә­сіп­керлік негіздерін меңгерсе, бас­тауыш партия ұйымдарының жетек­шілері арасындағы әйел­дер­дің үлесі 30 пайыздан асты. Ал ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушы­лардың үштен бірі – нәзік жан­дар. Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қар­ыз­сыз қоғам» жобасының түлектерінің 58 пайызы – көпбалалы аналар.

Бұдан бөлек, Әйелдер қанат­ы­ның тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық­тың алдын алу жөніндегі бас­тамалары арнайы заң қабыл­дауға негіз болды. Соның нәти­же­сінде зорлық-зомбылық тура­лы шағымдар саны үштен бірге азайды. Бүгінде елімізде 69 дағ­дарыс орталығы мен баспана жұмыс істеп тұр.

Президенттің Жолдауы мен сайлауал­ды бағдар­ламасы, сондай-ақ «AMANAT» пар­тия­сының сай­лау­­алды бағдарламасы ая­сын­да елде ана мен балаға арналған жағ­дай­лар бір­тіндеп жақсарып келеді. Атап айт­қан­да, бала күтімі бойын­ша жәр­дем­ақы төл­еу мер­зімі 1,5 жылға дейін ұл­ғайтылды, көп­­балалы ана­ларға арнал­ған жәрдем­ақы­­лар көбей­тілді. Әлеу­меттік осал топтағы 100 мыңнан астам бала ба­ла­бақшада тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қа­тар «Ұлттық қор – ба­ла­ларға» және «Келе­шек» ерік­ті жинақтау бағдар­ла­масы – сәтті жүзеге асуда.

Форумда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуір­беков сөз сөйлеп, өңір экономи­ка­сындағы әйелдердің үл­есіне тоқталды. Оның айтуынша, облыста шағын және орта биз­несте 122 мың әйел еңбек етеді.

«Мемлекеттік қызметте – 2,8 мың, ІТ саласында – 11,3 мың, энергетикада – 3,7 мың, сауда­да – 9 мың әйел жұмыс істейді. Бұл – өңірдегі нәзік жандардың ел дамуы­на қосып жатқан нақты үлесінің көрінісі. Әсіресе, өнер­кәсіп саласында 24 мыңнан ас­там әйел басшылық қызмет ат­қар­ып жүр. Бұл олардың кәсіби әлеу­етінің арт­қанын білдіреді», – деді ол.

Форумның жарқын сәттері­нің бірі – ерекше ең­бек жолымен көзге түскен әйелдердің марапат­талуы болды. Олардың қатарын­да – темір ұстасы (токарь), «Құр­мет» орденінің иегері Звейра Садықова, фермер Арайлым Бай­дашова, кран ма­шин­исі Бақыт Жүнісова, Теміртаудағы етікшілер әулетінің мұрагері Марина Маш­­ковская, құс өсіру­ші Жанар Сар­бо­қова және тағы басқалар бар. Барлығы алғыс хат­тармен және ақшалай сый­лық­­тармен марапатталды.

«Менің кран жүргізетінімді естігенде, адамдар таң­ғалады. Бірақ мен үшін бұл – мақ­таныш­пен атқаратын мамандық. Қазір әйел­дер кез келген сала­ны таң­дап, стереотиптерге қарамастан мой­ындалуға мүмкіндігі бар екеніне қуаныштымын», – деді Бақыт Жүнісова.

Форум аясында қатысушылар қаржы­лық сауат­тылық, психо­логия және тұл­ға­лық даму бо­йынша тренингтерден өтті, әйел­дер денсаулығы мен кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру мәселелерін тал­қылады. Сон­дай-ақ партия­лық бірлікті нығайту­дың белгісі ретінде жұмысшы мамандық­тағы жаңа партия мүшелеріне салта­нат­ты түрде партиялық билет табысталды.

Іс-шара соңында қатысу­шы­лар үшін ерекше сый – жергілікті студенттердің шеберлік сабағы ұйым­дастырылды. Болашақ виза­жистер мен стил­истер ауыр еңбекпен айналысатын әйел­дерге тегін макияж жасап, шаш үлгісін келтірді. Бұл – жұмысшы әйелдің еңбегімен қатар, сұлу­лығы мен өз-өзіне деген сеніміне де лайық екенінің көрінісі.

«Еңбегі жанған арулар» форумы – ең­бекші әйелдердің жұмысын мойындаудың ғана емес, олар­дың кәсіби және адами қадір-қасиетін бағалай білетін Әділетті Қазақстанның нақты үлгісі. Осылайша, «AMANAT» партиясы еңбек адамдарына, әсіресе әйелдерге, өзекті мәсе­ле­лерді тал­қылауға, тәжірибе алма­су­ға арналған шы­найы алаң ұсынды.

 

Елнар ЕЛТАЙ