Қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде қайта жалғасты.
Шерзат ісі: адвокаттың судья Жанұзақовқа қарсы шағымы қабылданбады
313
оқылды

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотқа төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов ауыспайтын болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

28 мамырдағы сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.

- Қылмыстық кодекстің 87-бабында қарсылық білдірудің негіздері нақты көрсетілген. Қорғаушының келтірген наразылығы ол негіздерге жатпайды. Сол себепті қорғаушы Әбеновтің өтініш хаты қанағаттандырусыз қалдырылды, - деді шағымды қараған судья Асқарбек Беймбетов.

Осы шешімнен кейін қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде қайта жалғасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.