ТЖМ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға кеңес береді.
Өрт сөндірушілер ана мен баланы құтқарды
480
оқылды

Елорданың Алматы ауданында Манас көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатында матрас пен үй заттары өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шақыруға барған өрт сөндіру есептоптары барлау барысында пәтерде баласы бар әйелдің қалғанын анықтады. Олар қалың түтін ішінен адамдарды тапты. Балаға құтқару қалпағын кигізіп, құтқарушылар оны анасымен бірге cыртқа шығарды. 

- Өрт өршу кезеңінде сөндірілді. Өрт сөндірушілердің нақты әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ, – делінген хабарламада. 

ТЖМ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.