Борт ішіндегі 1 жолаушының жағдайы нашарлауына байланысты әуе кемесі Ақтөбе қаласына аялдаған. Кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.
Ақпаратты "Әлия Молдағұлова Ақтөбе халықаралық әуежайы" басқарма төрағасы растады. Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ «Nordwind Airlines» әуе компаниясына тиесілі.
«Ұшақ жерге қонған кезде шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Өкінішке қарай жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған. Ақтөбе халықаралық әуежайы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Жердегі қызметпен байланысқа шығып, бірге жұмыс істеген әуе кемесінің экипажына алғысымызды айтамыз», – деп хабарлады Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.