Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы әріптестер де қатысып отыр.
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының ашылуымен баршаны құттықтады
313
оқылды

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумның ашылуымен баршаны құттықтап, шынайы ризашылығын білдірді.

«Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын!

Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр.

Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.