Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьерминистрі Анке Релингермен кездесу өткізді.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая бермек
149
оқылды

Президент Германияны Қазақ­стан­ның Еу­ропа Одағында­ғы негізгі стра­тегиялық се­рік­тесі ретінде атап, бұл ел эко­номикамыздың жетекші ин­весто­ры­ның бірі саналатынын айтты.

– Германия – біз үшін маңызды ел, Еуропа­да­ғы негізгі серіктесіміз. Сіз­дер­дің мемлекетпен ын­тымақтастыққа айрықша мән береміз. Осы орай­лы сәт­ті пайдалана отырып, Германияға жа­­са­ған сапарым туралы ойыммен бө­ліскім ке­леді. Өзім бұрыннан жақсы бі­летін Штайн­майер мырзамен ке­ліс­сөз жүргіздім. Ал пар­ла­мен­таралық бай­ланыстарға келетін болсақ, мен ық­­палдастықтың бұл бағытын қол­дай­мын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мәртебелі мей­манға елі­­міздің экономикалық саяса­ты­ның басым ба­­ғыттары жайында әң­гі­мелеп берді.

– Қазір ірі инфрақұрылымдық жо­баларды, цифрландыру және жасанды ин­теллектті да­мы­туға күш салу керек деп ойлаймыз. Сонымен қа­­­тар кө­лік-ло­гистика және ауыл шаруашылығы са­­­ла­ла­рын да өркендету қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан соңғы жыл­дары ау­қым­ды саяси реформалар жүр­гізгенін жеткізді.

– Заңнамаға, ең әуелі, Консти­ту­ция­­­ға жа­сал­­ған өзгерістер Қазақ­стан­ның жаңғыру жо­лы­на түбегейлі түс­ке­нін көрсетеді. Әрине, ре­фор­ма­лар жал­­ғасып жатыр. Құқық қорғау жә­не сот жүйесіне де өзгерістер енгі­зілуі мүм­кін. Бұл – өте маңызды. Бірақ мем­ле­кеттің құрылымы, мен бұл жерде пре­зиденттік басқару жүйесі туралы айтып отыр­мын, бұрынғы қалпында сақ­та­лады. Өйт­кені қазіргідей алма­ғайып ке­зеңде мемлекеттің си­паты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсіні­гі­міз­ге сай келеді, – деді Мемлекет бас­­шысы.

Өз кезегінде Анке Релингер кез­десу­ге мүм­кін­дік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ал­ғыс айтып, екі ел игілігі жолында ортақ мақ­сат­-тар­ды ілгерілетуге дайын екенін жет­кізді.

– Ой-пікір алмасуға уақыт бөлге­ніңіз үшін көп рақмет. Сіздің ыстық ықыласыңызды Фе­де­ралдық Прези­дент Штайнмайерге жеткіземін. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияның шы­найы до­сы. Қазақстан орта держава ретінде біздің осы өңір­дегі негізгі се­рік­тесіміз, – деді Германия Бун­дес­ра­тының Президенті.

 Кездесуде Қазақстан мен Германия ара­­сын­дағы сауда-экономикалық, ин­вестициялық жә­не мәдени-гу­ма­ни­тар­лық ынтымақтастықты ны­ғайту мә­селелері талқыланды.