 |
|
 |

|
Биылғы Жолдаудың жөні бөлек |
|
27.01.12.
 Қазақстан Көшбасшысы бүгін қос шатырлы Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің арнайы шақырылған бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына арналған дәстүрлі, жыл сайынғы Жолдауын жарияламақ. Бірақ биылғы Жолдаудың жөні бөлек. Оны мәні, маңызы, тіпті мәртебесі жөнінен 1997 жылғы Президенттің халыққа жария еткен тұңғыш Жолдауына теңесек, артық болмас. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясын белгілеген Елбасының сол жылғы Жолдауы қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін нығайту миссиясын арқалаған еді. Осы орайда тұтас ғасырдың бестен бір бөлігі - Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тәмамдап, Азаттықтың жаңа онжылдығын ашатын биылғы Жолдау да дүниежүзі дағдарған, қазіргі өркениеттің күйреуі туралы қауіптер күшейген кезде жасалғалы отыр!
|
|
«Дипломмен – ауылға!» 517 маман келмек |
|
27.01.12. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 ақпан 2009 жылы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысы қабылданды. Осы аталған қаулымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» ережесі бекітілген.
|
|
Өзбек артистеріне ескерту жасалды |
|
27.01.12.
 Батыстың жынойнаққа жақын бірсыпыра «дәстүрін» дүрілдетіп атап өтіп, асыра насихаттауда олардың өздерінен де озып кеткен қазақтың кейбір жастары «Әулие Валентин күнін» тойлауда алдына жан салмай жүр. Өкінішті. Одан да жанымызда көрші отырған ала тақиялы ағайындардың ұл-қызынан үлгі алсақ жарар еді.
|
|
Былыққа батқан басшылар... |
|
27.01.12. Қарағанды гарнизонының әскери сотында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі әскери кафедраның бұрынғы бастығы қызметтік құзырын пайдаланып, жанармай ұрлағаны дәлелденді. Алпыс бес жастағы кафедра бастығы төрт жылдың ішінде 10 млн 560 мың теңгенің жанармайын жоқ қылып жіберген.
|
|
Көкейдегі сауал – 27.01.12. |
|
Бас прокурордың мәлімдемесінен кейін қандай ой түйдіңіз?
Сәт ТОҚПАҚБАЕВ, генерал-полковник, қоғам қайраткері: - Жаңаөзенде болған жағдай қатардағы оқиғалардың бірі емес. Сондықтан болар оқиғаның шаласы сөнбей жатып Елбасы аймаққа арнайы барды. Көрді. Танысты.
|
|
Депутаттардың көңіл күйі көтеріңкі |
|
27.01.12. Үстіміздегі жылы еліміздегі заң шығарушы органның бірі - Мәжіліс өз тарихында тұңғыш рет 65 пайызға жуық жаңарды. Төменгі палатаға Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, «Сауап» қоғамдық қорының төрағасы, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл тәрізді есімдері елге танымал бірқатар азаматтар келді. Біз тұңғыш рет Мәжіліс депутаты болып сайланған халық қалаулыларына «Көңіл-күйіңіз қандай? Сіз алдағы уақытта Үкіметке қандай сауал қояр едіңіз? Елбасының кезекті Жолдауынан не күтесіз?» деген тәрізді сұрақтарды қойған едік.
|
|
Құпия тарихты алу қиынға айналуы мүмкін |
|
27.01.12. Біздің еліміз, Қазақстан Республикасы, тәуелсіз мемлекет, «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» (ҚР Конституциясы, 1-бап). Сондықтан да ол кезінде өз халқына қарсы жаппай репрессиялау саясатын жүргізген Кеңестік биліктің мұрагері бола алмайды.
|
|
29 науқас тізімнен тыс қалды |
|
27.01.12.
 Елімізде 600-ден аса созылмалы миелолейкоз (қан обыры) дертіне шалдыққан науқас тіркелген. Олардың көбісі мемлекеттік бағдарлама бойынша Гливек дәрілік құралымен ем алып келген. Өткен жылдан бастап 100 адам Иммутин дәрілік құралын, 150 адам халықаралық GІPAP бағдарламасы бойынша Гливек дәрілік құралымен, ал қалған 350 адам ескі әдіс Гидреамен ем-дом қабылдап жүр. Алайда науқастардың мәлімдеуінше мемлекет тарапынан берілетін дәрілік құралдардың жетіспеушілігі байқалады. Екінші толқынмен дәрі қабылдайтын науқастардың саны 45-тен 14-ке дейін күрт төмендеген.
|
|
«АЛЖИР» – алаш жүрегіндегі қара сызық |
|
27.01.12. Қазақ тарихында қаралы даталар аз емес. Үстіміздегі жылы Жаппай саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына - 75 жыл, Ұлы жұтқа - 80 жыл толады. «Отанын сатқандардың» жарларына арналған кешегі қанды шеңбер - абақтының орнында тұрғызылған саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде «Азаттықтың азапты жолы» атты көрменің ашылуы және «37 жыл. Ерте солған гүлдер» бейнебаянының, мұражайдың web-сайтының және ең бастысы - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «ALASH-ALZHІR» екі томдығының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
|
|
Жолақы жыры тағы жалғаспақ... |
|
27.01.12. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізген Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков оңтүстік астанада осы салада атқарылып жатқан шаралар жайын баяндады. Оның сөзіне қарағанда, Алматыда жолақы бағасы тағы да қымбаттайды.
|
|
Нақты секторда сілкініс байқалмады |
|
27.01.12. Статистика агенттігі жариялаған ақпараттарға қарағанда, өткен жыл нақты секторда соншалықты сілкініс бола қоймаған. Тағы да қызмет көрсетулер саласының қарқынды дамығаны болмаса. Әрине, ауыл шаруашылығы саласында біршама қозғалыстың болғаны - азық-түліктің кейбір түрлерінің бағасының өспегенінен көрініс тапты. Бұл «ҚазАгроның» аталған секторды кешенді түрде қаржыландыруының арқасында жүзеге асып отыр. Қаржыландыру қашан да сауда мен қызмет көрсету салаларына басымырақ бөлінетінін өткен жылдың алдындағы жылдар да дәлелдеп келеді. Соған қарамастан, өткен жыл ел есінде тағы да қызмет көрсетулердің бағасының тым жоғарылығымен қалды.
|
|
Жұмыссыздықты жүгендеуге тиіспіз |
|
27.01.12. 2009 және 2010 жылдары Үкімет және жергілікті атқарушы билік жұмыссыздықпен шындап күресті. Соның нәтижесінде дүниежүзілік дағдарыс басталған 2007 жылғы деңгейден, яғни 7 пайыздан артық мөлшерден жұмыссыздық төмендеп, ақыры өткен жылдың қорытындысындағы 5,3 пайыз деңгейіне түсті.
|
|
Iнжу-маржан |
|
27.01.12.
 «Өнер» халықтық-қоғамдық университеті құрылды, ал оның мақсат-міндеті қандай болмақ?
|
|
Оқушылар енді ойын еркін білдіре алады |
|
27.01.12.
 Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің сабақ беру тәсілі «сен тыңда, мен сөйлеймін» стилінде екен. Бұл авторитарлық режимді елестететін көрінеді. Осындай стильмен өткен сабақтан кейін балаларымыз ой-пікірін еркін жеткізуге икемсіз, қатты айтсақ, ынжық болып өседі. Осы жайды ескерген білім саласының басшылары оқушының ой еркіндігін қамтамасыз етеді-ау деген жүйеге бет бұрып отыр.
|
|
Қолда тұрған жеңістен айырылып қалдық |
|
27.01.12.
 Еліміз жанкүйерлері үлкен сенім артқан жастарымыз Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Достастық кубогының» жартылай финалына шыға алмады. Слободан Крачмаревич жаттықтыратын жастар құрамамыз ширек финалда Беларусь командасынан 2:3 есебімен ұтылды. Осы кездесудің қарсаңында көпшіліктің болжамы бойынша біздің елдің өрендері жеңіске жетуге тиіс еді. Бірақ ала доп пен жасыл алаң өз дегенін істеді. Ойын барысы күтпеген сәтте өзгеріп, жерлестеріміз қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Енді Қазақстан жастар құрамасы 5-8-орындар үшін таласатын болады.
|
| << [Басы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңы] >>
| | Нәтиже 1 - 15 из 8819 |
|
 |
|
 |