Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.
Алматы әуежайында есірткі пайдаланған ұшқыш ұсталды
Фото: qazweek.kz
548
оқылды

Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуекомпанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

«Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді», –  деді Air Astana  өкілі.