Басты мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу.
Олжас Бектенов Түркия президентінің қабылдауында болды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
338
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Басты мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу. Бұл ретте астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және басқа салалардағы бірлескен жобалар қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.   

Олжас Бектенов Анкара қаласында Түрік Республикасы басшысының қабылдауында болды. Түркиядағы ірі компания мен холдинг өкілдерімен кездесуде инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады, сонымен қатар қазақ-түрік бизнес-форумында сөз сөйледі. 

Олжас Бектенов бизнес өкілдеріне еліміз маңызды жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті. ҚР Үкіметінің басшысы кәсіпкерлердің назарын неғұрлым перспективалы салаларға аударды. Олардың ішінде мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, өндірісті локализациялауды тереңдетуге және шығарылатын техниканың модельдік қатарын кеңейтуге бағытталған машина жасау саласына басымдық берілді. 

Бизнес-форум нәтижесінде Қазақстан мен Түркия делегациялары басшыларының қатысуымен жалпы құны $180 млн-нан астам инвестициялық ынтымақтастық саласындағы коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде дайын өнімді экспорттау жөніндегі меморандум, логистикалық хаб салу туралы келісімдер, сондай-ақ кальцилендірілген сода, жаңбырлатып суару жабдықтарын, тоқыма емес материалдар шығаратын бірқатар зауыттар салу туралы, суару жабдықтарын құрастыру бойынша келісімдер бекітілді. 

Сонымен қатар тұқым шаруашылығы саласындағы озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ тұқым жеткізу перспективалары туралы келісімге қол қойылды.