Көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, тиісті жұмыстарды атқаруда.
Жайық өзенінің бойында 240 шақырым қорғаныс бөгеті нығайтылды
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
1,023
оқылды

Қазақстанда Жайық өзенінің көтерілу деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ақтөбе және Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен келген жеке құрам Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынының алдын алу және жәрдемдесу мақсатында БҚО және Атырау облысына жіберілді. Атырау облысында Жайық өзеніне мониторинг жүргізу жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынының алдын алу мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр», – деді Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ оның айтуынша, Жайық өзені бойында ұзындығы 240 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері нығайтылған. 

«Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, тиісті жұмыстарды атқаруда», – дейді ведомство өкілі.