Құтқарылған азаматқа дереу психологиялық көмек көрсетіліп, Бурабай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Щучинск қаласында полиция қызметкерлері ер адамды аман алып қалды
461
оқылды

Щучинск қаласында полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, сол күні Әуезов көшесін патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары Ербол Асенов пен  Даулет Олжабаевқа сағат 22:00 шамасында "102" қызметіне қоңырау келіп түскен. Қоңырау шалған бойжеткен ағасының тоғыз қабатты үйдің төбесінде тұрып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлаған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер Ғасыр Балташев пен Руслан Ануарбеков әріптестерімен бірге барлық үш үйдің шатырын тексеріп шықты. Тек үшінші үйдің төбесіне көтерілу мүмкін екенін анықтады. Сол жерден шетке таяу тұрған жас жігіт табылды.

- Қиын сәтте Ғасыр Балташев батылдық танытып, азаматты соңғы сәтте күртешесінің капюшонынан тартып үлгеріп, оның өмірін аман сақтап қалды. Өзі де құлап кетсе де, нақты әрі шешімді әрекетімен ауыр трагедияның алдын алды, - делінген хабарламада.

Құтқарылған азаматқа дереу психологиялық көмек көрсетіліп, Бурабай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оған әрі қарай қажетті қолдау ұйымдастырылды.