Желі қолданушылары арасында бұл сәт қызу талқыға түсті.
Жанболат Ербатыровтың ұлының тойында сөйлеген сөзі қызу талқыға түсті (видео)
413
оқылды

Әнші Жанболат Ербатыровтың ұлы Қазбектің үйлену тойында сөйлеген сөзі қызу талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі баласы кішкентайынан апасының қолында өскендіктен әлі күнге дейін балам деп айта алмайтынын жеткізді. 

"Тойға атсалысқан апаларыма, келіндеріме, бауырларыма алғыс айтамын. Қазбекті балам деп айта алмаймын. Апамның баласы ғой. Кішкентайынан қолында өсті. Теледидардағы бір сұхбатта балам деп айтып қалдым. Содан кейін «Ойбуй, апам ренжитін болды ғой» деп, ол жерін алып тастауды өтіндім", - дейді әнші.

 Желі қолданушылары арасында бұл сәт қызу талқыға түсті. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі дұрыс емес екенін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.