Әлемде болып жатқан жаңалықтар топтамасы.
Tesla қызметкерлерінің жеке деректерін қаскөйлер ұрлап кеткен. Көлемі 100 гигабайт болатын 23 000 файл қолды болған. Бұл файлдардың қаншалықты құнды екенін төмендегі мақаладан білуге болады.
Xiaomi-дің қытайлық нарықтағы позициясының нашарлауы күтпеген жағдай болды. Дегенмен компания әлемдік нарықта өскен, Apple үлгісіндегі сатылым дүкендерінің желісін кеңейтіп, Үндістан мен Еуропада сатылым көлемін арттырған.
Жасанды интеллект енді бірнеше жылда адам өмірін танымастай өзгертеді деген болжамдар шындыққа айналуда. Өз ойын басқа адамдарға ешбір қимылсыз, тілсіз тек ойлау арқылы ғана жеткізетін құрылғы жасалды. Адам ойындағысын түсініп, оны мәтінге, аудио түрінде...
Ауызды шайып, жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтайтын ғылыми тәсіл табылды. Канадалық ғалымдар сілекейдегі лейкоциттер деңгейін өлшеп, жүрек ауруларының қаупін анықтаудың тиімді әдісін ұсынды. Бұл тәсілмен жастардың және өздерін жақсы сезінетін адамдарды...
Ұйқыға кеткен адам өзіне ыңғайлы қалыпты таңдайды. Қырынан немесе шалқасынан жатып ұйықтауға әдеттенеді. Түнгі ұйқы жақсы болуы үшін қалай жатып ұйықтаған дұрыс? Қорылды болдырмаудың жолы қандай? Біздің талдауымыз.
Толассыз шуыл - жаңа әлемнің сипаты. Бұның бәрі миға ерекше салмақ салады. Ал, тыныштық, үнсіздік миға өте пайдалы екен. Төмендегі видеода жақсы жүйеленіп жинақталған кеңестер бар.
Көлік жүргізушілердің ұялы телефонмен сөйлесуі, қауіпсіздік белдігін тақпауы жиі кездесетін проблема. Енді жол ережесін бұзушыларға қарсы жасанды интеллект жүйелері қолданыла бастады. Олар бір қолымен рөлді ұстап, бір қолымен смартфонда әріп теріп отырған...
АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс өрши бастады. Президент Байден жаңа жарлық шығарып, америкалық компанияларға Қытайға технологияларды сатуға тыйым салды. Америкалықтар "тар аула, биік қоршау" саясатына көшті.
Пәтердің немесе жеке үйдің есігіне орнатылатын видео бақылау жүйелері күннен-күнге жетілдірілуде. Енді үй иесі өзінің смартфонынан нақты уақыт режимінде есігінің алдында болып жатқан барлық қозғалысты көріп, пәтеріне келген бөтен адамдармен сөйлесе алады.
Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
Отын құйылған 8 цистернаның екеуі жарылған.
Цифрлық дәуірдің тағы бір жұмбағы ашылды. «Кірпіш» телефондарға деген қызығушылық өсті. Ақылды тұтынушы енді смартфон емес, қарапайым девайстарды таңдауда.
«Миға ұқсас» чиптің көмегімен жасанды интеллект (ЖИ) энергияны үнемді пайдаланатын болады.
Жер сілкінісі жұма күні сағат 20.48-де тіркелген
Компьютерлік бағдарламаны өзі жазатын машина жасалды. Енді көптеген IT мамандар жұмыссыз қалатын болды
Денсаулықты бақылауға болатын және физикалық белсенділікті көрсететін смарт көзілдіріктер пайда болды. Әлемде алғаш жасалған Minimis Glass көзілдіріктері иесінің локациясын дәл анықтап береді.
Сатып алушының іс-әрекетін бақылап, талдайтын жүйе жасалды. Енді супермаркет камералары жасанды интеллект көмегімен тұтынушылардың талғамын зерттейді.
YouTube бейнехостингі видеолардың мазмұнын қысқаша ұсыну үшін жасанды интеллект мүмкіндігін сынай бастады. Бұл опция қазіргі уақытта шектеулі пайдаланушылар санына қолжетімді.
Tesla нарықтық құны бойынша ең ірі автоөндіруші атанды. Ол жапондық Toyota-ны артта қалдырды. Ал 2023 жылы Tesla компаниясы Toyota мен Mercedes-Benz-ті басып озып, әлемдегі ең қымбат автомобиль брендіне айналып, әлемдегі ең әлеуетті электр көлігін жасаушы...
WhatsApp мессенджері жаңа функциясын іске қосты. Ұзақтығы 60 секундқа дейінгі видеоларды мессенджерден жіберуге болады. Құпиялылық толық сақталады. Видео файл WhatsApp чатында толассыз шифрланады.
Терактты елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылар ұйымдастыруы мүмкін деген болжам бар.
Нью-Йорктің ең қымбат ауданы Манхэттенде 46 қабаттан тұратын Avenir зәулім ғимаратының 100 пәтері тұрғын үй лотереясында (Housing lottery) ойнатылады. Бұл кешенде 192 метр биіктікте екі ғимаратты қосатын ғажайып аспалы көпір болады. Миллиардерлер тұратын...
Ірі технологиялық компаниялар өндірістерін Қытайдан шығарып жатыр. HP компаниясы компьютерлерді Таиланд пен Мексикада жинайтын болды. Бұған дейін Dell мен Apple компаниялары да зауыттарын Қытайдан көшіре бастаған еді
Сатылымға ұсынылған спорттық аяқкиім 1990 жылдардың ортасында аз ғана таралыммен тігілген. Компания қызметкерлеріне сыйлық ретінде берілген. Аяқкиім бұрын-соңды көпшілікке сатылмаған. Бағасы - 50 000 АҚШ доллары.
Ақ үй жасанды интеллект жүйелеріне қатысты қауіпсіздік шараларын қабылдай бастады. 7 компания ЖИ технологиясын қолданудан туындайтын тәуекелдерді азайтуға міндеттеме алды. Ақылды машина жасаған контент енді цифрлық су таңбаларымен белгіленеді. Оны машина...
6 сағат бұрын BBC News Илон Масктің мәлімдемесін жариялады. Миллиардер Twitter құс логотипін «Х» әрпімен алмастыратын болды. Бұрынырақ әлеуметтік желінің атын X Corp деп өзгерткен Маск мырза логотипті ауыстыру «баяғыда жасалуы керек еді» дейді.
Өрт сөндірушінің жұмысы қашанда қауіпті. Өртке оранған ғимаратқа алғаш кіргенде, өрт шыққан жерді анықтауда арнайы құралдар қажет. Осындай қиын жағдайларда өртке төзімді дрон жасалды. Дрон өрт сөндірушілерге өрт ошақтарын, қандай аймақ қауіпті екенін алды...
Кәрі құрлықта жаздың аптап ыстығы күшейді. Жерорта теңізінде температура рекордтық деңгейге жетті. Туристік орындар жабылып, еуропалықтар рекордтық температурадан қиналуда. Тұрғындарға медициналық көмек көрсету күшейтілді.
Жасанды интеллектке байланысты тағы бір дау Голливудта шықты. Цифрлық аватарлар бұрыннан қолданылып жүргені белгілі. Үш күн бұрын "Интер Майами" командасына ауысып, алғашқы жаттығуын өткізген супер жұлдыз Лионель Месси де өзінің дипфейк нұсқасын PepsiCo к...
Бүгінгі әлеуметтік желілер достармен қарым-қатынас жасайтын, коммуникацияға арналған орын емес. Бүгінгі әлеуметтік медиа – брендтер мен жұлдыздар өнер көрсететін сахнаға ұқсайды. Әлеуметтік желіге тіркелген қарапайым аудитория – солардың көрерменіне, таб...
Жасанды интеллект адамға тым жақындай бастады. Ең қуатты ChatGPT өзінің зор мүмкіндіктерін көрсетіп, жақсарып келеді. Дегенмен мұның артында үлкен қауіптер бар деп АҚШ Конгресі чат-ботты қолдануды шектеді, тергеу басталды
Лондонда суды шамадан тыс пайдалану мен су құбырларының жарылып ысырап болуынан судың берілуі шектелуі мүмкін. Ағылшын астанасын сумен қамтамасыз ететін өзендер мен жылғалар да кеуіп қалған.
Жасанды интеллект жүйелеріне авторлық материалдарды ұрлады, заңсыз пайдаланды деген айып тағылды. ChatGPT да, Meta-ның LLaMa жасанды интеллект жүйесі де авторлардың интеллектуалды еңбегін заңсыз пайдаланған.
Ірі қалалардағы кептелістерден қорықпайтын электромобиль жасалды. Ол әуеге тігінен көтеріліп кез келген кедергіден ұшып шыға алады. Екі адамға арналған ұшатын көлікті сатып алушылар бүгіннен бастап тапсырыс бере алады
Ғалымдар адамның ойындағысын оқитын технология жасады. Енді арнайы құрылғы арқылы адамдар компьютерді басқарады, мәтін құрайды, электронды поштамен хат-хабар алмасады. Ғажайып технология адам-машина арасындағы коммуникацияның жаңа дәуірін бастады.
Әлеуметтік желілер Президент әкімшілігінің тапсырмасын орындаса да жалған ақпаратқа тосқауыл қоя алмаған. Жоғарғы сотта қаралған бұл іс Конституцияға енгізілген Бірінші түзетуге қатысты өте мұқият зерттелді. Қызу пікірталас тудырған іс жалған немесе зиянд...
Жаз айларында таңғы ас, түскі және кешкі ас жеңіл болуы тиіс. Таңғы асқа денеге қуат беретін көмірсулары көп тағамдар жеу керек. Жазда ішетін сусындардың түрлерін көбейту қажет. Ал, алкогольді мүлдем қолданбаған дұрыс. Сыра ішуге болады, ал, газдалған сус...
Әлеуметтік желілердің жастардың тәрбиесі мен мінез-құлқына кері әсері ғылыми зерттеулерде дәлелденген. Ағылшын Парламенті де интернеттегі қауіпсіздікке байланысты заң жобасын қабылдамақшы. Заң жобасы Лордтар палатасында қызу талқыға түсті.
Құқық қорғау органдары кез келген смартфонды қашықтан басқара алады. Олар смартфон камерасын құпия қосып, смартфон иесінің іс-әрекетін бақылайды, сөздерін тыңдайды. Одан қорғану әдістері бар
Әлемдегі ең ыстық күн рекорды жаңартылды. 3 шілде күні жаһандық орташа температура көтерілген. Жаңа көрсеткіш 2016 жылдың тамызында тіркелген рекордты жаңартты. Жылдан жылға көтеріліп келетін "климаттық көрсеткіштер адамзат үшін қауіпті" деп ғалымдар дабы...
ABC News дерегінше, зардап шеккен тұрғындардың 10-ы – ересек адамдар, біреуі – кәмелет жасына толмаған бала.
Әлеуметтік желілердің пайдасы мен қауіптерін ұдайы есте ұстау керек. Жастар өздерінің уақытын ұрлаған желінің зиянды әсерін байқамауы да мүмкін.
Метаның жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Ник Клегг өзінің блогында жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен әр пайдаланушыға әлеуметтік медиада ұсынылған контент өз таңдауларының тарихы негізінде қалай жекеленетінін айтты.
NASA маусымның 25-і күні Жердегі Марс миссиясына 4 еріктіні жіберді. Бұл топ Марстың табиғи ортасына ұқсатып жасалған имитациялық кеңістікте бір жылдан астам өмір сүреді.
Интернет апокалипсисі ғаламтор пайдаланушыларды цифрлық әлемнен ажыратып, электр желілері мен спутниктерді істен шығарады деп болжануда.
Ключевская жанартауы соңғы рет 2020 жылы атқылаған.
Әлемдік сенсация! Екі миллиардер Илон Маск пен Марк Цукерберг жекпе-жекке шығып, төбелесетін болды. Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында Цукерберг мырзамен «октагонда төбелесуге дайын» екенін жазды. Facebook басшысы Цукерберг «маған төбелесетін орынды жі...
Airbus компаниясы өз ұшақтарын сутегі отынымен ұшу жүйесіне ауыстыру сынақтарын аяқтады. Экологиялық таза ұшақ қозғалтқыштарына арналған сутегін қолдану технологиясы HyPERION деп аталады. Жобаның мақсаты – 2035 жылға қарай толық сутегімен ұшатын коммерция...
Еңбек нарығындағы қысқартулар мен трансформациялар басталып, журналистердің орнына жасанды интеллект қызметке келді. Жүздеген журналистерді қысқартып, оларды ЖИ-мен алмастыру туралы шешім қабылданды. Себебін төмендегі материалдан оқыңыз.
Атлант мұхитының ортасында батискаф жоғалып кетті. 3800 метрдегі мұхит түбіндегі Титаникті көруге сүңгіген туристерден әлі хабар жоқ. Олардың оттегі қоры да таусылуға таяу.