ABC News дерегінше, зардап шеккен тұрғындардың 10-ы – ересек адамдар, біреуі – кәмелет жасына толмаған бала.
Техас штатында атыс болып, үш адам қаза тапты
729
оқылды

АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрте қаласында атыс салдарынан үш адам қаза тауып, сегізі жарақат алды, деп мәлімдеді Reuters.

Полицияның айтуынша, атыс 4 шілде – АҚШ тәуелсіздігі күнін тойлау кезінде түн ортасында автотұрақта болған.

Зардап шеккендердің бірі сол жерде, ал екеуі ауруханада көз жұмды. 8 адам ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға Тәуелсіздік күніне орай жыл сайын өткізілетін жергілікті ComoFest фестивалі аяқталған соң бірнеше сағаттан кейін Комо Форт-Уэрт ауданында болған.

Әзірге қанша адам оқ атқаны және неліктен мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Тұтқынға алынғандар туралы мәлімет таратылмады.


Фото: CNN