Әлеуметтік желілердің жастардың тәрбиесі мен мінез-құлқына кері әсері ғылыми зерттеулерде дәлелденген. Ағылшын Парламенті де интернеттегі қауіпсіздікке байланысты заң жобасын қабылдамақшы. Заң жобасы Лордтар палатасында қызу талқыға түсті.
Парламент интернетке кіруге мектеп оқушыларына шектеу қойды
978
оқылды

Әлеуметтік желілердің жастардың тәрбиесі мен мінез-құлқына кері әсері ғылыми зерттеулерде дәлелденуде. Ағылшын Парламенті былтырдан бері интернеттегі қауіпсіздікке байланысты заң жобасын талқылауда. BBC News заң жобасының Ұлыбритания парламентінің жоғарғы Лордтар палатасында талқылануына арналған материал жариялады. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасап, мектеп оқушыларының заң жобасына қатысты пікірлерімен таныстырады. 

Ұлыбританияның Парламентінің ашық әрі эмоционалды жұмысын мына видеодан көруге болады:

Глостершир графтығының мектеп оқушылары Лордтар палатасының мүшелері алдында заң жобасындағы қатаң ережелерді қолдайтындарын айтқан. Лордтар палатасында талқыланып жатқан интернет қауіпсіздік туралы заң жобасына қатысты екі мектептің он екі оқушысы сөз сөйлеген.

Глостер епископы Рэйчел Тревик те әлеуметтік желілерге онлайн тіркелу ережесін қолдайтынын мәлімдеген. Интернеттегі қауіпсіздік туралы заң жобасы ірі технологиялық компанияларға жаңа талаптар қою арқылы интернеттегі заңсыз және зиянды мазмұнмен күресуге бағытталған.

Кездесуге шақырылған мектеп оқушылары «көп қиындықтар бар екенін, өйткені жастар әлеуметтік желіден басқа ештеңе білмей өсетінін» де мойындаған. «Бұл біздің балалық шағымыз және біз қазір әлемді интернеттегідей қабылдаймыз. Менің ойымша, жаңа заң әлеуметтік желілердегі көп нәрсені реттеуге көмектеседі, адамдарға сенім артуға көмектеседі», – дейді Эми атты оқушы.

Фото bbc.com сайтынан алынды

Лордтар палатасының өкілдеріне балалардың желіде көргендері оларға қалай әсер ететіні туралы пікірлері де қызықты болған. All Saints академиясының 10-сынып оқушысы Джедидайя: «Көптеген жастар, соның ішінде мен де, өздерін көрсету үшін белгілі бір мәртебеге ие болу керек деп ойлайды. Олар өздерін шектеулі сезінеді, өйткені оларда достарында Джорданның кроссовкасы, жаңа сақина немесе сағат жоқ болғандықтан өздерін кемшіл сезінеді.

Грейс атты студент «бұл заң жобасы пайдалы болады деп сенеді, өйткені әлеуметтік желілер жастарды «өзіне деген сенімін жойып, өзін-өзі дұрыс бағалауына кері әсерін тигізуде». «Мен ересектер жастарға өз болмысынан қорықпауға, өз ойын білдіруге және еркін болуға көмектескенін қалаймын. Жаңа заң осыған жол ашады», – деген ойын бөліскен.

Фото East News сайтынан алынды

Епископ Тревик онлайн режимінде зиянды контентті жиі көру жастардың өздеріне деген көзқарасына «ұзақ мерзімді теріс әсер етуі» мүмкін екенін айтқан. «Соңғы жеті жыл бойы мен жастардың дене бітіміне қатысты жаман ойлар туралы көпшілік алдында айтып келемін және әлеуметтік желілер арқылы қалыптасқан «мінсіз» жұлдыздарға ұқсағысы келетін ойларға қарсы күресетін «Lidentity» науқанын бастадым», – деді дін қызметкері.

«Біз бұл жастар үшін олардың сыртқы келбеті туралы теріс ойлар олардың бүкіл өміріне әсер етіп, терең бақытсыздық тудырып, психикалық денсаулығының нашарлауына ықпал ететінін білеміз. Бұның бәрі интернеттің кері әсері ететінін білеміз, сондықтан біз оларды мүмкіндігінше қауіпсіз еткіміз келеді», – деп епископ Тревик өзінің тұжырымдарын ағылшын заң шығарушыларына жеткізді.

Фото bbc.com сайтынан алынды

Егер интернет қауіпсіздігі туралы заң қабылданса, оны Коммуникациялар бойынша басқарма (Ofcom) қадағалап, заң бұзған компанияларға 18 миллион фунт стерлинг немесе компания кірісінің 10%-на сәйкес келетін сомада айыппұл салуға құқылы болады.

Сондай-ақ ол веб-сайттарға кіруді бұғаттау немесе жарнама берушілерге, банк қызметін көрсететін компанияларға интернеттегі жарнаманы пайдаланбау туралы ескерту сияқты шаралар қабылдай алады. Бұндай шектеулер заң бұзған компанияның бизнесіне айтарлықтай шектеу қоятын болады.