Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов киік етіне сұраныстың төмен екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларында киік етінің қоры шамадан тыс жиналып қалған.
«Киік етіне сұраныс өте төмен. Сондықтан өңдеу кәсіпорындарының қоймаларында өнім көлемі көбейіп отыр. Қазір Экология министрлігі, Сауда министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өткізу нарықтарын кеңейту бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді вице-министр.
Оның сөзінше, мемлекеттік органдар киік етін өткізудің жаңа тетіктері мен нарықтарын қарастырып жатыр.
