Мұны блогер тікелей эфир кезінде айтты.
«8 жыл бойы әкем зорлады»: блогер Juzzefina ауыр мәлімдеме жасады
464
оқылды

Juzzefina лақап атымен танымал блогер, әнші Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфир барысында жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Блогер эфир кезінде балалық шағында болған оқиғалар туралы айтып, туған әкесі тарапынан ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл мәселеге байланысты құқық қорғау органдарына жүгінетінін жеткізген.

"8 жыл болды мені әкемнің зорлап жүргеніне, солай өстім. Соған арыз жазайын десем, жаза алмай жүрмін ғой", –  деді ол.

Аталған мәлімдемеден кейін әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылды. Кейбір қолданушылар мұндай мәселелерді көпшілік алдында жариялауға қатысты өз көзқарастарын білдірсе, енді бір бөлігі блогерге қолдау көрсетіп, оның жағдайына түсіністік танытты.

Желі қолданушылары арасында оқиғаның ауырлығы мен психологиялық салдары туралы пікірлер де кеңінен талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта блогердің айтқан мәліметтеріне қатысты ресми органдар тарапынан қандай да бір түсініктеме жарияланған жоқ.