Тергеу барысында оның белгісіз «куратормен» хат алмасқаны анықталып, бұл деректер жас жігіттің есірткі тарату схемасына қатысы болғанын көрсеткен.
Қарағандыда 17 жасында есірткі таратқан жасөспірім сотталды
226
оқылды

Есірткі таратқаны үшін айыпталған жасөспірім 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, құқық қорғау органдары сол кезде 17 жаста болған жасөспірімнен жалпы салмағы 8,3 грамм синтетикалық есірткі салынған 23 ораманы тәркілеген.

Тергеу барысында оның белгісіз «куратормен» хат алмасқаны анықталып, бұл деректер жас жігіттің есірткі тарату схемасына қатысы болғанын көрсеткен.

Тергеу кезеңінде күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Алайда сот істің барлық мән-жайын зерттеп, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Бұл жағдай жастардың жеңіл табыс табу мақсатында қылмыстық әрекеттерге араласуының ауыр салдары бар екенін тағы бір мәрте көрсетті.