Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, төреші бейәдеп сөз қолданғаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылған.
«Елімай» – «Ордабасы» матчынан кейінгі жанжал сотқа ұласты
243
оқылды

Қазақстан футболындағы даулы оқиғадан кейін «Елімай» – «Ордабасы» кездесуінің бас төрешісі Арман Исмұратов 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, төреші бейәдеп сөз қолданғаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылған.

Аталған матч шымкенттік клубтың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталған. Ойыннан кейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович, спорт директоры Федор Симиниди және ойыншылардың бірі қызыл қағаз алған.

Кейін әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда төреші мен клуб өкілдерінің арасында сөзге келу болғаны байқалған. Осыдан соң Федор Симиниди төрешінің үстінен арыз түсіріп, сот Арман Исмұратовты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сонымен қатар  жарияланған басқа бейнежазбаларда жанжал кезінде «Елімай» клубы өкілдерінің де бейәдеп сөздер қолданғаны көрінеді. Осыған байланысты қоғамда оқиғаға қатысқан барлық тараптың әрекетіне құқықтық баға берілуі тиіс деген пікірлер айтылып жатыр.