Осы жағдайдан кейін 3 жасар ұл мен 4 жасар қыз бала отбасынан алынып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Ата-анасы мас болған: Петропавлда екі бала 5-қабаттың терезесіне шығып алған
фото: www.istockphoto.com
239
оқылды

Оқиға 15 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында  болған. ПД Процессингтік орталығының қызметкері Ержан Тамышев жұмыстан қайтып бара жатып, Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінде ашық терезе алдында тұрған балаларды байқаған. Ол бірден танысынан бұл жағдайды «102» арнасына хабарлауды өтініп, өзі подъезге қарай жүгіріп, қайғылы жағдайдың алдын алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы уақытта көшедегі өтіп бара жатқан адамдар балалардың назарын аударып, оларды терезеден алыстауға көндіруге тырысқан. Ал Ержан Тамышев пәтерге кірудің амалын іздеп жатқанда, іштен есікті ересек адам ашқан.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бұл жалдамалы пәтерде Жезқазғаннан келген отбасы уақытша тұрып жатқанын анықтады. Оқиға кезінде балалардың әкесі ұйықтап жатқан, ал анасы дүкенге кеткен. Полицияның мәліметінше, ата-ананың екеуі де мас болған және бұған дейін де жауапкершілікке тартылған.

Іс бойынша жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.