Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов жазасын өтеу үшін «Қара бүркіт» колониясына этаппен жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.
Еске салайық, аталған іс бойынша үкім 2025 жылғы 17 қарашада шыққан. Қайғылы оқиға 2024 жылдың қазан айында болғанымен, қыздың денесі тек 2025 жылдың 20 маусымында табылған.
Тергеу мәліметінше, қылмыс көлік ішінде жасалған. Күдіктілердің бірі жәбірленушіні тұншықтырса, екіншісі оның қашып кетуіне кедергі келтірген. Кейін олар мәйітті қала сыртына апарып, жасыруға тырысқан.
