18 сәуір күні Семей қаласында белгісіз ер адам бір топ жасөспірім қызға жақындап, оларға алкоголь ішуді ұсынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қыздар ішімдіктен бас тартқаннан кейін, оларды аңдып, мазалап, бейәдеп сөздер айтқан.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам кейін ашық түрде қорқытуға көшіп, қыздарға қатысты зорлық сипатындағы орынсыз ұсыныс жасаған.
Оқиға тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Жергілікті халық құқық қорғау органдарын ер адамның жеке басын анықтап, тиісті шара қабылдауға шақырып жатыр.
