Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
Қостанайда 18 жастағы көлік жүргізушісі мінген автокөлік аударылып түсті
152
оқылды

Бүгін "Қостанай–Мамлютка" автожолында Lada Priora автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеліп соққан көлік құралдарын пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 18 жастағы жүргізуші Lada автокөлігімен Ұзынкөл ауданынан Қостанай қаласына қарай бағыт алып келе жатып, рульге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жолдағы қауіпсіздікті қатаң ұстануды ескертеді.