Батыста ауа райы құбылмалы болады.
Найзағай ойнап, жел тұрады: 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
125
оқылды

Қазгидромет 13 сәуірде ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел тұрады.

Батыста ауа райы құбылмалы болады. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Маңғыстауда бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 23 м/с жетеді. 

Атырау облысында күндіз нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.

Оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерде құрғақшылық байқалады.

Қызылорда облысының  орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с. 

Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. Таулы аудандарда аздаған жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ болады. 

Ақмола, Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең қалың тұман басады.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.