Осы сәтте ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіруде, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға орнына 5 минут ішінде ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталды. Өрт сөндірушілер жоғары шақырту рангы бойынша жұмыс істеуде, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, - деп жазылған ресми хабарламада
