Шығыс Қазақстан облысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру сәтті аяқталды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, өңір тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытты – сайлаушылардың 86,42%-ы дауыс беруге қатысып, бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары нәтижелердің бірі болды.
Шығыс Қазақстан референдумда жоғары саяси мәдениетін көрсетті
143
оқылды

Осылайша, аймақ халқы Қазақстанда жүр­гізіліп жатқан реформаларға деген се­­­німін паш етті. Көпшілігі бүгінде мем­ле­кеттік саясат азаматтардың өмір сапа­сы­на тікелей әсер ететін нақты өзге­ріс­тер­ге бағытталғанын айтуда. Бұл өңірде жүзеге асырылып жатқан нақты жобалар мен бастамалар арқылы да көрініс тауып отыр. 

Соңғы бір жыл ішінде Шығыс Қа­зақ­станда инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сүру дең­гейін арттыруға бағытталған бірқатар маңыз­ды жоба іске асырылды. Ауыл­дар­да коммуналдық мәселелер жүйелі түрде ше­шіліп келеді. Мәселен, Топқайың ауы­лында ауызсуға қатысты түйткіл түйі­нінің тарқатылуы тұрғындар үшін көп­тен күткен жаңалық болды. Бұл – елді ме­кен халқы үшін тұрмыс сапасын жақ­­сартып, қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру­ге жа­салған маңызды қадам.

Өңірде спорт инфрақұрылымы да қар­қынды даму үстінде. Бозанбай және Таврия елді мекендерінде заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Аталған нысандар балалар мен ересектерге спортпен айналысуға және бел­сенді демалыс өткізуге барлық мүм­кін­дік жасап, саламатты өмір салтын қа­­­лыптастыруға ықпал етеді.

Жол саласында да елеулі өзгерістер бай­қалады. Өңірдегі маңызды жолдар­дың бірі – Өскемен – Риддер жолын жөн­деу жұ­мыстары аяқталды. Сонымен қатар Оси­нов асуын айналып өтетін жол құры­лысы аяқталуға жақын. Көп жыл бойы Шығыс Қазақстанның көлік жүйе­сіндегі ең күрделі жобалардың бірі с­а­нал­ған бұл жол пайдалануға берілгеннен кейін жол қауіпсіздігі мен көлік қаты­на­сының қо­лай­лығы айтарлықтай жақсара түс­пек.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Өңірде жаңа мектептер салынып, ба­­ла­бақшадағы кезек жойылды. Елді ме­­кендерде заманауи медициналық ны­сан­дар ашылып жатыр. Риддер қала­сын­да жаңа көпсалалы аурухана кешені өз жұ­мысын бастады, ал Өскеменде өңір­де­гі ең ірі медициналық нысандардың бі­ріне айналатын Гематология орталы­ғы­ның құрылысы аяқталуға таяу.

Бұл өзгерістердің барлығын облыс тұр­ғындары өз көздерімен көріп-біліп отыр. Сондықтан да мемлекеттік сая­саттың басты назарында адам, оның әл-ауқаты, қауіпсіздігі және болашаққа деген сенімі тұрғаны жөніндегі пікір жиі айтылуда.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда ре­ферендумға дайындық екі айға жуық уа­қыт бойы жүргізілді. Жаңа Конс­ти­ту­ция жобасы 12 ақпанда жарияланғаннан кейін өңірде ауқымды ақпараттық-тү­сін­діру науқаны басталды. Өңірлік штаб жұмысына 500-ден астам адам, жүздеген ерікті мен қоғам белсендісі қатысты. Олар тұрғындармен, еңбек ұжым­дары­мен, мәслихат депутаттарымен және түр­­лі әлеуметтік топ өкілімен кездесулер өт­­кізіп, ақ­па­раттық материалдар тара­тып, Ата Заң­ға ұсынылып отырған өз­ге­ріс­­терді жан-жақты түсіндірді.

Үгіт-насихат материалдары қаладағы кө­­шелер мен даңғылдарда, сауда орта­лық­­тарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын басқа да орындарда орналастырылды. Штаб мүшелері әр тұрғынға ақпарат жеткізуге тырысып, қойыл­ған сұрақтарға жауап беріп, ел бо­­лашағына қатысты ұсыныстарды тал­қы­лады.

Сонымен қатар референдумға дайын­дық ірі қоғамдық шаралармен қатар жүр­ді. Мәселен, 28 ақпанда Maxi Mall сау­да-ойын-сауық орталығында «Жас­тар таңдауы – жаңа Ата Заң» атты live-кон­церт өтті. Оған шамамен 12 мыңға жуық адам жиналды. Көрермен алдында танымал әншілер Еркін Нұржанов, Sadraddin және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті. Ал келесі күні өткен «Балықшы Fest» балық аулау фестивалі мыңдаған әуес­қой балықшының басын қосты.

Облыс орталығы тұрғындары үшін тағы бір маңызды оқиға әлеуметтік осал са­н­аттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кіл­тін табыстау болды. Наурызнама он­­күн­­дігіндегі Көрісу күні – Амал ме­ре­­ке­сі­мен тұспа-тұс келген салтанатты шара көп­теген отбасы үшін талай жыл күт­кен ерек­ше сәт, оң өзгерістердің жә­не бола­шақ­қа деген сенімнің сим­во­лы болды.

Дауыс беру күні сайлау учаскелері штат­ты режимде жұмыс істеді. Тұр­ғын­дар дауыс беруге отбасыларымен, әріп­тес­терімен, тіпті бір көшенің тұрғындары бо­лып бірге келді. Сайлаушыларға ың­ғай­лы болу үшін қоғамдық көліктерде т­егін жол жүру ұйымдастырылды.

Талай жерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, мәдени іс-шара­лар өтіп, жылы әрі мерекелік атмосфера қа­лыптасты. Қонақтарға ұлттық та­ғам­дар ұсынылып, әуелете ән шырқалып, кон­церттік бағдарламалар ұйымдас­ты­рыл­ды. Кейбір қатысушылар сайлау учас­келеріне түрлі-түсті костюмдермен, ер­тегі кейіпкерлері мен алып қуыршақ­тар образдарында келіп, ерекше көңіл күй сыйлады.

Дауыс беруге қоғамның түрлі топ өкіл­дері қатысты. Олардың қатарында көп­балалы аналар, еңбек ардагерлері, спор­тшылар, этномәдени бірлестіктер мү­шелері, жұмысшылар мен қызмет­кер­лер болды. Әсіресе, ел болашағын қа­лып­тастыратын жастардың белсенділігі ерек­ше байқалды.

Жалпы алғанда, Шығыс Қазақстан об­лысында референдум тыныш, ұйым­дас­қан түрде әрі азаматтардың жоғары қо­ғамдық белсенділігімен өтті. Дауыс беру­ге халықтың көптеп келуі өңір тұр­ғын­дарының бірлігін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жат­қан реформаларына толық сенімі мен қолдауын, елдегі маңызды қоғам­дық-саяси процестерге қатысуға дайын екенін көрсетті.

Шығыс Қазақстан кезекті рет аза­мат­тық жауапкершілік пен саяси мәде­ниеттің жоғары деңгейін көрсетті. Өңір адамды, оның құқықтарын, әл-ауқатын жә­не болашаққа деген сенімін басты құн­дылық ретінде сақтай отырып, алға қарай зор сеніммен қадам басып келеді.

Ә.МҰХАНБЕТ