Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметінің мамандары мен полиция қызметкерлері жетті.
Ертіс өзенінен әйел адамның мәйіті табылды
259
оқылды

Абай облысында қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәліметке сәйкес, оқиға автогужевой көпірінің маңында тіркелген. Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметінің мамандары мен полиция қызметкерлері жетті.

Halyqstan Telegram  арнасының жазуынша, қаза тапқан әйелдің мәйіті Ертіс өзенінің мұзынан табылған.

Абай облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.