Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасында жаңа сурет жариялады
«Әлібиім»: Кенжебек Жанәбіловтің әсерлі жазбасы елді толқытты
1,292
оқылды

Әнші Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасында жаңа сурет жариялап, туған ауылына барғанын айтты.

Өнер иесінің жазуынша, ұлы Әліби әкесінің туған жерін көргісі келген. Осы сапарда әнші баласына ауылын көрсетіп, ата-әжесіне құран бағыштаған.

«Әлібиім “Папа, сіздің туған ауылыңыз қайда? Барып көрейікші” деп жүр еді. Енді сол сәті түсіп, осы жерге келіп, ата-әжесіне құран оқытып, туған жерімді көрсеттім. Дұғаларымыз қабыл болсын», – деп жазды әнші.

Оқырмандар жазба астында әншінің туған жеріне қатысты жылы пікірлер қалдырған.