Бурабай ауданының Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты кафеде газ–ауаны қоспасының жарылысы болып өрт шықты.
Щучинск қаласында өрт салдарынан 7 адам қаза тапты
Фото: gov.kz
227
оқылды

Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына келген. Өрт сөндірушілер жанған ғимараттан 8 газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты.

Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттағы қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. Ақмола облысы ТЖД-да жедел желі телефоны іске қосылды: 8 (7162) 514-298.

Оқиға орнына ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, барлық ТЖД бөлімшелері, соның ішінде өрт сөндіру есептері, құтқару топтары, медициналық қызметтер мен полиция, газ-техникалық инспекция келді. ТЖМ санавиациясы және жедел медициналық көмек машиналары жоғары дайындыққа алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.