«Референдум–2026» онлайн марафонына Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі, «AMANAT» партиясының мүшесі Үнзила Шапақ қатысты.
Үнзила Шапақ: Преамбула – өткен тарихымызды дәріптеп, еліміздің болашаққа бағдарын нақты көрсетеді
Фото: видеодан скриншот
174
оқылды

Конституциялық комиссияның мүшесі Үнзила Шапақтың пікірінше, преамбула біздің өткен тарихымызды дәріптейді. 

«Преамбула – өткен тарихымызды дәріптеп қана қоймай, еліміздің болашаққа бағыт алуын нақты көрсететін негізгі бөлім. Бұрынғы Конституциямен салыстырғанда қазіргі жаңа Ата Заңдағы преамбула арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Кейінгі жылдары ғалымдар мен зерттеушілер преамбулаға ерекше назар аудару керек екенін жиі көтеріп жүр. Уақыт өте келе біз қазақ жерінде болған мемлекеттердің мұрасын заң жүзінде бекітіп, қалыптасқан құндылықтарды көрсетуді басты мақсат еттік. Конституцияны біртұтас қазақ мүддесі тұрғысынан қаралуын басты назарға ала отырып, преамбуланы жаңашыл көзқараспен жаздық. Бұл болашақ азаматтар үшін моральдық іргетас болады. Сонымен қатар қазіргі азаматтардың көзқарастары да уақыт өте өзгерді. 

Қазақстанда ғылыми-зерттеулердің 27,4%-ы коммерцияландырылып, 118 млрд теңгеден астам табыс әкелген. Бұл – білім мен ғылымға салынған капиталдың нақты дәлелі. Мемлекеттің байлығы енді адам капиталы арқылы өлшенеді. Сондықтан Конституция жобасын адамға бет бұрған деп айтуға болады. Біз адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтап, оның мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасадық. Нақты құндылық – адам капиталы, ал ең маңыздысы – білім, ғылым және инновациялық жетістіктер, – деді Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ.

Марафонда Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған деген болатын.